«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЗАМАТТАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТАЛЫҚ

Облыстық әкімдік жанынан Азаматтарды қабылдау орталығы ашылды. Жаңа орталық «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру және Президенттің халықпен жұмысты қайта форматтау тапсырмасын орындау аясында құрылды.

Жаңа фронт-кеңседе келушілер үшін барлық қолайлы жағдай жасал­ған. Азаматтар кез келген мемле­кеттік органға өтініш беріп, басшы­лықтың жеке қабылдауына жазылып, кеңес алу мүмкіндігіне ие.

– Мемлекеттік органдардың мін­деті – азаматтардың мәселесін тың­дап, оңтайлы шешімін табуға тырысу. Сондықтан орталыққа түскен бірде- бір өтініш назардан тыс қалмауы ке­рек. Халықтың пікірі шешімдерді әзірлеуде және қабылдауда ескерілуі тиіс. Бірыңғай диалог алаңы мемле­кеттік құрылымдар мен халық ара­сындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтпақ. Өтініштерді тыңдап, ше- шім қабылдауда ашықтық, жедел әрекет ету басты орында болуы тиіс, – деді орталықтың жұмысымен та­нысқан облыс әкімі Ғауез Нұрмұ­хамбетов.

Фронт-кеңседегі жұмыс автомат­тандырылған. Орталық азаматтармен байланыстың бірыңғай экожүйесін қалыптастырып, қоғамның сұраны­сын дәлірек анықтайды. Өтініштерді талдау азаматтардың қажеттіліктерін тереңірек түсініп, биліктің жұмысын жоспарлауға және бюджетті анықтау­ға негіз болмақ.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

«Soltüstık Qazaqstan».

Суреттерді түсірген

Шыңғысхан БЕКМҰРАТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp