«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНДІРІСІНДЕ ӨСІМ БАР

Облыс әкімі Ерiк Сұлтановтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте өңірдің өткен он бір айдағы әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындысы талқыланды.

Облыстық статистика департаментiнiң басшысы Марал Нұржаупова үстіміздегі жылдың қаңтар-қараша айларында азық-түлiк өндiрiсi 6,3 пайызға өскендігін атап өтті. Әсіресе, ұн шығару 38,3 пайызға, сақтау мерзiмi ұзақ кондитерлiк өнiмдер 15,5 пайызға, сүт өнiмдерi 4,7 пайызға, малға арналған жем-азық 10,4 пайызға артыпты. Химия өнеркәсiбi өнiмдерiнiң өндiрiсi 53,3 пайызға, жеңiл өнеркәсiп өнiмдерiнiң өндiрiсi 17,2 пайызға өскен.

Өндiрiс көлемiнің артуы бойынша Айыртау, Ақжар, Шал ақын және Қызылжар аудандары көш бастап тұр. Осы орайда облыс әкiмi Ерік Сұлтанов аудан басшыларына өсiм көрсеткiштерi мүмкiн болатын бағыттар бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.

Аппараттық кеңесте облыс бюджетiнiң орындалуы да әңгіме өзегіне айналды. “15 желтоқсанға дейiн облыстық жергілікті бюджетке 32 935,8 млн. теңге жеке кiрiс түсті”, – деді облыстық мемлекеттiк кiрiстер департаментiнiң басшысы Данияр Жаналинов.

Кеңес барысында 2017 жылға арналған мемлекеттiк сатып алу жоспары да әңгіме арқауына айналды.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp