Ел егемендігінің 30 жылдығына орай Қызылжар аудандық Мәдениет үйінде “Тәуелсіздік – тәңір сыйы” атты жас ақындар айтысы өтті. Сөз сайысына өңірдің жас дарындары қатысты.
Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты айтыс көрермендерсіз ұйымдастырылды. Киелі сахнаның төрінде жас ақындар бүгінгі күннің өзекті тақырыптарын қозғап, азаттықтың айбынын жырларына арқау етті. “Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда” демекші, қазылар алқасының шешімімен бас жүлде жас ақын Диас Аяғанға бұйырды. Екінші орынды Ақтілек Хайымхан, үшінші орынды Дәулет Құрмаш алды. Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар мен дипломдар табысталды.
Фархат ТАСТАМБЕК.