«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Мамлютка қаласының 31 жастағы тұрғыны “ВКонтакте” әлеуметтік желісі арқылы діни мазмұндағы аудио және бейнефайлдар сатқан. Бұл деректі тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықтады. Ер адам заңға қайшы әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 120 мың теңгеден астам айыппұл салынды.

Сондай-ақ, петропавлдық екі әйел интернет арқылы діни басылымдар сатумен айналысқан. Жыл басынан бері осындай әрекеттері үшін бес адам жазаланды. Бұған дейін қаңтар айында Қырғызстанға бара жатқан ер адамнан тыйым салынған “Таблиғи жамағат” экстремистік ұйымының кітаптары тәркіленіп, 200 мың теңгеден астам айыппұл салынған болатын.

Облыстық полиция департаменті экстремизге қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция майоры Руслан Мұхамбетжановтың түсіндіруінше, арнайы рұқсаты бар ресми сауда орындары ғана діни кітаптарды сатуға құқылы. “Діни әдебиет пен материалдарды Қазақстан аумағына енгізіп, таратқан жеке тұлғаларға – 50, заңды тұлғаларға 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатынын ескертеміз”, – деді полиция майоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp