«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алаяқтықтың жаңа түрі

Соңғы кездері ғаламторды жақ­сы меңгерген алаяқтар пайда табу үшін неше түрлі жаңа айла-шарғылар ойлап табуда. Жуырда Петропавл қаласының тұрғыны интернеттегі тағы бір алдаудың шырмауына түсіп, 40 мың теңгесінен айырылған. “Youtube”-тегі бейнехостингтен облыс орталығының 43 жастағы тұрғыны әлеуметтік желілерде жеке деректердің таралғаны үшін ақшалай өтемақы алу туралы нұсқаулықты көреді. “Сіз 15 минут ішінде 50-ден 1500 долларға дейін аласыз, төлемдер 2020 жылғы 11-31 қыркүйек аралығында кез келген карточкаға түседі, төлем ресейлік рубльмен беріледі”, – делінген сайтта.

Сілтемедегі нұсқауды орындаған петропавлдық қаражат түседі деп болжанған банк картасына өзінің деректемелерін енгізген. Біраз уақыттан кейін ол карточкасынан қаражат алынғанын анықтаған және бірден Петропавлдағы бірінші полиция бөліміне жүгінген. Жедел уәкілдердің айтуынша, бұл алаяқтықтың жа­ңа түрі техникалық жағынан мүлтіксіз орындалған. Қазір алаяқ іздестірілуде.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp