«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛАЯҚТЫҚ ЖИІЛЕП КЕТТІ

Петропавл қалалық полиция басқармасына интернет алаяқтығы туралы бірнеше шағым түсті. 37 жастағы қала тұрғыны қымбат сервизін хабарландырулар сайты арқылы сатуды жоспарлаған. Сатып алушы алдын ала төлемді аудару үшін банк картасының нөмірін сұраған. Зардап шегуші алаяқтың құрбанына айналғанын SMS-хабарлама арқылы телефонына келген кодты жібергеннен кейін ғана түсінеді. Оның шотынан 700 мың теңге жоқ болып кеткен.

Тағы бір петропавлдық 57 жастағы зейнеткер «Фейсбук» желісі арқылы алданған. Бірнеше ай бұрын өзін жолдастарының туысы ретінде таныстырған қыз оның «достарының» қатарына қосылады. Оның сөзіне қарағанда, оған Лондоннан жедел түрде құнды заттар салынған сөмкені Петропавлға жіберу керек болған. Бар өтініші, кедендік шығындарды төлеуге қаржылық көмек сұраған. Көрсеткен көмегі үшін үлкен сыйақы беруге уәде береді. Бірнеше апта ішінде ер адам Ресей банктерінің карточкаларына 3 миллион 700 мың теңгеден астам сомаға онға жуық аударым жасайды. Банктің қауіпсіздік қызметінің ескерту қоңырауларына қарамастан, қызға сенгендіктен, ақша жіберуді жалғастыра берген. Ең соңында туыстары оны полицияға өздері алып келген. Қазіргі уақытта криминалдық полиция қызметкерлері интернет-алаяқтардың мекенжайын анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.
Петропавл қалалық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Дархан Зияфединнің сөзіне сәйкес, осындай интернет алаяқтықтың алдын алу жұмыстары ұдайы түрде жүргізілгеніне қарамастан, мұндай фактілер әлі де орын алуда. Айта кету керек, жыл басынан бері облыста осыған қатысты 88 факті тіркелген.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp