“Ақ бидай” жазғы ауыл спорты мерекесі аясында Қызылжар, Есіл және Тимирязев аудандарында ерлер арасында волейболдан аймақтық сайыс өтті.
Тартысқа толы кездесулердің қорытындысы бойынша әр аймақта жергілікті құрамалар топ жарды. Енді Қызылжар, Есіл және Тимирязев аудандарының құрамалары үстіміздегі жылғы “Ақ бидайдың” иелері – Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның командасымен кездесетін болады.
“Ақ бидай” жазғы ауыл спорты мерекесінің ақтық ойындары 10-13 шілде аралығында Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимка ауылында өтеді.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.