«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алексей Цой: Індеттің бастапқы кезеңінде ауырған науқастар қайта сырқаттануы мүмкін

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар алаңында алаңында өткен баспасөз мәслихатында індеттің бастапқы кезеңінде ауырған науқастар қайта сырқаттануы мүмкін деп топшылады.

“Ғалымдардың әртүрлі пікіріне сүйенсек, коронавирусты жеңіл көтерген азаматтардың ағзасында антидене 1 ай уақытқа, ал орта немесе ауыр көтергендердің ағзасында 3-5 айға дейін сақталады. Біздің елде коронавирус жұқтырудың шарықтау шегі осы жылдың маусым-шілде айларына келгені белгілі. Егер біз талдау жасап көрсек, аталған уақыттан 3-5 айдан кейін, яғни қараша-желтоқсан айларында коронавирусты орта немесе ауыр жағдайда көтергендердің ағзасында антиденелер құрып бара жатыр. Сол себепті олардың қайтадан ауруға шалдығу ықтималдығы, қаупі бар”, деді Алексей Цой.
Оның айтуынша, әлемде коронавирусты қайта жұқтыру жағдайы тіркелгенімен, Қазақстанда мұндай адамның әлі кездеспегенін мәлімдеді.


https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp