«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛТЫ ОЙЫН – АЛТЫ ЖЕҢІС

Атырау қаласында Жоғары лига командалары арасында баскетболдан ел біріншілігі өз мәресіне жетті. Тартысты кездесулерде бақ сынаған петропавлдық «Барыс» клубы топ жарды.

Аталмыш баскетбол клубының бас жаттықтырушысы Сергей Мордың айтуынша, карантиндік талаптарға сәйкес солтүстік және оңтүстік өңірлердің командары екі топқа бөлініп ойнаған. Яғни, петропавлдық ұжым тур барысында «А» тобына еніп, алты ойында өнер көрсетіп, бәрінде жеңіске жетті. Мәселен, тур аясындағы соңғы ойында «Барыс» «Ақтөбе-2» командасымен кездесті. Бірінші кезеңнен белсенді ойнаған жерлестеріміз матч соңына дейін басымдық танытты. Нәтижесінде олар қарсыластарын 100:41 есебімен ойсырата жеңіп, турнир кестесінде көш бастады. Бұл кездесуде команда қоржынына 42 ұпай салған Артем Козыркин ерекше көзге түскенін айта кеткен жөн.
Қазір жерлестеріміз екінші тур ойындарына дайындалуда.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp