“Құлагер” 25-26 қараша күндері өткізілген екі кездесуде алты ұпайды олжалады. Соның нәтижесінде турнир кестесінде, бір саты болса да жоғарылап, рудныйлық “Горняктың” алдына шықты.
Қызылжарлықтардың аталған ойындардағы қарсыласы “Астана” – “Барыстың” қосалқы командасы. Ойыншыларының бәрі – қазақстандықтар, оның үстіне кілең жастар, тіпті, жасөспірімдер десе де болады. Ең ересектері – жиырмада.
Соған қарамастан, олар екі ойында да қарсыласып бақты. Алайда, алғашқы күні – 1:4, ал екінші күні 0:3 есептерімен “Құлагерге” жол берді.
Жерлестеріміз өзіміздің Спорт сарайымызда 30-шы қараша және 1-ші желтоқсан күндері “Шығыс Қазақстан” хоккейшілерімен алаңға шығады.
Қазір “Құлагердің” отыз ойыннан кейін 43 ұпайы бар. Турнир кестесінде 7-ші орында.
(Өз тілшіміз).