«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛЫСҚА ҰЗАМАДЫ

Петропавлда полицияның талабына бағынбай, қашып құтылмақ болған жүргізуші ұсталды. Нұрсұлтан Назарбаев және Чкалов көшелерінің қиылысында автопатруль экипажы «Audi-100» жүргізушісінің құжаттарын тексеру үшін тоқтауға белгі бергенімен, ол аулаларда жасырынуға тырысты. 

 Көп ұзамай ұсталған ер адамда карантин кезеңінде көлікпен жүру құқығын растайтын құжаттары жоқ болып шықты. Ол дөрекілік танытып, былапыт сөздер айтып, полиция бөліміне барудан бас тартты. Жүргізушіге қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстің екі бабы бойынша хаттамалар толтырылды. Атап айтқанда, ол «Төтенше жағдай режімін бұзу» және «Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау» баптары бойынша айыпталды. Сот шешімімен ер адам билік өкіліне бағынбағаны үшін бір тәулікке әкімшілік қамауға алынып, рұқсат құжаттарынсыз жүргені үшін айыппұл төлеуіне тура келеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp