«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алғашқы жеңіс

19 қазан, дүйсенбі күні шайбалы хоккей­ден “Pro Hokei Ligasy” атты тұрақты ел бірін­шілігі басталды. Кезекті маусымда 13 ко­ман­да бақ сынауда.

Жарыстың бірінші туры аясында жергілікті “Qulager” командасы өз алаңында “Aqtobe” клубымен кездесті. Өткен жылғы біріншілікте жерлестеріміз ақтөбеліктерді бес матчта ұтып, бір рет қана есе жіберген еді. Алғашқы күнгі кездесуде петропавлдықтар 2:3 есебі­мен жеңіліс тапса, қарымта матчта 5:1 есе­бімен басым түсті. Жерлестеріміздің арасы­нан Станислав Логинов, Евгений Попитич, Федор Хорошев, Ильгиз Нуриев, Денис Стасюк және Дмитрий Исмагилов мергендік танытты.

Қоржынында 4 ұпайы бар петропавлдық ұжым келесі кездесуін атыраулық “Beibarys” клубына қарсы өткізеді.

Қанат АТАМАНОВ,

“Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp