«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛҒАШҚЫ СОТ ОТЫРЫСЫ

Кеше Петропавл қалалық сотында баскетболшы Игорь Нанаевтың өліміне байланысты алғашқы отырыс өтті. Айыпталушылар орындығында – 5 адам. Олар бір топ адамның қасақана денсаулыққа зиян келтіруінің салдарынан абайсызда Игорь Нанаевтың өліміне алып келген бұзақылықтары үшін жауапқа тартылып отыр. Іс бойынша жәбірленушілердің ішінде марқұмның таныстары А. Македонов пен А. Антропов та бар. Сотталушылардың жасы – 23-тен аспайды. Барлығы облыс тұрғындары, олардың екеуі – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ, біреуі – музыкалық колледж студенттері.

Қылмыстық іс 14 томнан тұрады. Келесі отырыс 18 қаңтарға белгіленді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp