«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛҒЫР ЖҮРЕК, АЛМАС ОЙ, АРЫС КЕУДЕ

Бар болмысым, рухыммен,

                                 жігеріммен
Уәлиханов Шоқанды
                             сүйемін мен.
Ғасырлардың қойнынан
шығып жатқан,
Жан дауысын естимін
жүрегіммен. 

Дүниені жұтатын түк-түгімен,
Ол уақыттың өңеші мықты білем.
Бұл дәуірге қол бұлғап
алғыр Шоқан,
Дауыстайды ол ғасыр түкпірінен.

Алғыр жүрек,
Алмас ой,
Арыс кеуде,
Өжеттігін болады барыс деуге.
Қойнауынан ғарыштық ту далаға
Түнді жарып түскен
бір жарық сәуле.

Бір халықтың арманы
бір басында,
Кетті Шоқан.
Солай боп туғасын да.
Бір құрлықты жетелеп
бір құрлыққа,
Бір ғасырды сүйрелеп
бір ғасырға.


Дәуітәлі СТАМБЕКҰЛЫ,
ақын, халықаралық “Алаш”
әдеби сыйлығының лауреаты.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp