«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АМАНҒАЛИДЫҢ АЛТЫНЫ

Францияда грек-рим күресінен өткен Гран при додасында солтүстікқазақстандық балуан Аманғали Бекболатов алтыннан алқа тағынды.
Ел намысын қорғау үшін құрама сапына үздік жиырмаға жуық балуан алынған болатын. Халықаралық турнирдің қорытындысында спортшыларымыздың бесеуі ел қоржынына медаль салды.

Аманғали Нұрболатұлының айтуынша, ол дүбірлі додаға тыңғылықты дайындықпен барған. Бапкері Сергей Ямпольскийдің ақыл-кеңесін бұлжытпай орындап, оқу-жаттығу жиындарында шеберлігін шыңдаған. Байрақты бәсекеде ол 55 килограмға дейінгі салмақта өнер көрсетіп, үш белдесу өткізді. Алғашында армян балуаны Рудик Мкртчяннан айласын асырса, кейін отандасы Жансерік Сәрсенбиевпен белдесіп, жауырынын жер иіскетті. Ал ақтық сында грузин спортшысы Зураб Мачарашвилиден басым түсіп, жеңіске жетті.
Енді халықаралық дәрежедегі спорт шебері ақпан айында Үндістанның Нью-Дели қаласында өтетін Азия біріншілігіне қатысуды жоспарлап отыр.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ, “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp