«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АМУР – СЕНІМДІ КӨМЕКШІ

Неміс овчаркасы Амур – Есіл аудандық полиция бөлімінің инспектор-кинологі полиция аға лейтенанты Виктор Рейбандттың сенімді көмекшісі. Із алу жұмысына баулынған Амур – 3,5 жастан асқан төбет. Полицияда жұмыс істеуге ол екі жыл үйретілген және тәжірибелі қызметтік ит болып саналады. Оның иіс алу қабілеті тәртіп сақшыларына 18 қылмысты ашуға көмектесті.

Виктор Рейбандт төрт аяқты көмекшісімен былтыр Аққайың ауданында адам өлтірген күдіктіні ұстауға атсалысты. Онда өз үйінде пышақ жарақатымен 58 жасар ауыл тұрғынының мәйіті табылған болатын. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері көрші үйлердің бірінде 1993 жылғы күдікті тұратынын анықтайды. Күдікті үйінде болмағандықтан, Амур бірден оның ізіне түсіп, полицейлерді аула арқылы өткізген және ары қарай бір көшеге шыққан. Көшеде күдіктіні Амур бірден байқап, полицейлер оның қолына кісен салды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Жыл басынан бері кинологиялық қызмет орталығының және аудандық бөліністердің қызметтік-іздестіру иттерін қолданумен 730 қылмыс ашылды. Тәртіп сақшыларының көмекшілері 18 тонау мен 4 адам өлтіруді ашуға қатысты.
  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp