Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі ұзақ уақыт бойы қолдан жасалған есеп-бақылау маркалары жабыстырылған алкоголь өнімдерін заңсыз сатып келген ұйымдастырылған қылмыстық топтың жолын кесті.
Жедел-іздестіру жұмыстары барысында қылмыстық топқа тиесілі жүк автокөліктерінен және қоймалардан Ресей Федерациясының аумағына жөнелтілуі тиіс жалпы құны 85 млн. теңгеден асатын жасанды акциздік маркалар жабыстырылған 100 000 шөлмек алкоголь өнімі тәркіленді.
Қамауға алынған күдіктілер үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.