«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРДАГЕРДІҢ ЖЕҢІСІ

Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ішкі істер органдары қызметкерлері арасында футболдан және Макаров тапаншасын атудан сайыс ұйымдастырылып, үздіктер анықталды. Ауылдағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің футбол алаңындағы күш құрылымдарының қызметкерлерінің сайысында аудандық полицейлер басым түсті. Аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің қызметкерлері екінші орынды иеленсе, үшінші орын облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының мамандарына бұйырды.

Атқыштар арасында өткізілген сайыста ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы полковник Бейсенбай Кемікбаевқа тең келер қарсылас болмады. Ол бұл додада мергендік танытып, 39 ұпаймен жарысқа қатысушылар арасындағы ең үздік көрсеткішке ие болды.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық ішкі істер департаменті

баспасөз қызметінің маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp