«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРДАҚ — ЖЫЛ ОҚЫРМАНЫ

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана ұжымы жылдың үздік оқырманын таңдауды дәстүрге айналдырған. 2017 жылдың үздік оқырманы болып Ардақ Қажымұратов танылды.

Ардақ Жақышұлы – облыстық кітапхананың көп жылдан бергі оқырманы. Кітапханаға үнемі келіп жүретін ол латын алфавитін үйрету орталығының курсына да қатысуда. Ағылшын тілін де үйренуге ден қойып, кітапханада өткізілетін түрлі шараларға белсене атсалысады.

Кітапханада коворкинг-орталықтың ашылуы өткен жылдың айшықты оқиғасы болса, оның үздік оқырманын анықтау биылғы алғашқы шара ретінде тіркелді.

Ләззат ЖОЛАУШИНОВА,

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың бас маманы.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp