«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРЗАН ЖЕМШӨП ЖЕТКІЗІЛДІ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Уәлиханов ауданында болып, Кішкенекөл, Жасқайрат және Қайрат ауылдарына барды. Қайрат ауылында өткен кездесуде тұрғындар өзекті мәселелерді көтерді. Жол мен мектептерді жөндеу, қыста жолдарды күтіп-ұстау, сумен қамту және электр желілерінің тозуы сынды өзекті сауалдар қойылды. Өңір басшысы барлық мәселелерді бақылауға алып, жауапты мемлекеттік органдарға оларды шешуді тапсырды.

Облыс басшысы Ақжар жә­не Уәлиханов аудандарының әкімдері, тиісті басқарма бас­шы­лары мен серіктестік дирек­торларының қатысуымен же­дел кеңес өткізді. Жиында көк­темгі су тасқынына дайындық шараларын, Уәлиханов ауда­нындағы өзекті мәселелерді, соның ішін­де жемшөп тапшы­лығын талқылады.

Тиісті шаралардың жоспа­ры жасалып, ауыл тұрғында­рын шөп, сабанмен қамту тура­лы шешім қабылданды. Өңір басшысы көмек қолын созған шаруаларға аудан тұрғында­ры­ның атынан алғыс білдірді.

“Қос ауданға бағасы арзан­датылған шөп пен сабан тиел­ген алғашқы көліктер келді. Бұл мәселе менің жеке бақылауым­да”, – деп жазды облыс әкімі Ға­уез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp