Бельгия мемлекетінде ұйымдастырылған “International Belgian Open” сайыста халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жерлесіміз Артем Захаров 4 шақырымдық жекелей сында бірінші болды. Осылайша спортшы өз қоржынын кезеңдік 80 ұпаймен толықтырып, 2016 жылы өтетін Олимпиада ойындарында бақ сынауға бір табан жақындады.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.