
Өткен жексенбі күні Түркістан облысындағы Арыс қаласынан 48 бала өңірімізге жазғы демалысқа келді. Солтүстікқазақстандықтар балғындарды әуезді әнмен және күмбірлеген күймен пойыздан қарсы алды.
Алты және 13 жас аралығындағы өрендер бір айларын өңірімізде өткізеді. Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Ғалия Ілиясованың айтуынша, жазғы лагерь кезінде балаларға арнайы бағдарлама әзірленіпті. Атап айтқанда, оқушылар экскурсияға қатысып, облыстық тарихи-өлкетану мұражайын, “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенін, аттракцион саябағын, аквапарк және басқа да орындарды аралайды.
Өңіріміздегі киелі орындарды аралағаннан кейін балалар “Алтын күз” сауықтыру лагерінде демалатын болады. Аталмыш лагерь биыл сенімді басқаруға тапсырылды. Осыған дейін бұл жерде балалар үйі болған еді.
Өрендердің барлығы өңірімізге алғашқы рет келіп тұрғандықтан, үлкен қызығушылық танытуда.