«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АТА ЗАҢҒА АРНАЛДЫ

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің мемлекеттік тілде білім алатын студенттерінің арасында “Конституция – адам және азамат бостандығының кепілі” тақырыбындағы өткізілген конференцияда Конституцияның даму кезеңдері мен тарихы, оған енгізілген толықтырулар мен өзгерістер жан-жақты талқыланды.

Студенттер еліміздің Ата Заң аясында жиырма жылда жеткен жетістіктері жайлы пікірлерін ортаға салып, Конституция бойынша алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға байланысты ойларымен бөлісті.  

Еңбек ардагері, білім беру ісінің үздігі Қапар Шегенов, кәсіптік-педагогикалық колледждің тарих пәнінің оқытушысы Тілеген Тәкенов, жастар бастамалары орталығының директоры Данияр Әбутәліп Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы әңгіме өрбітті.

Әдия МАКЕНОВА,

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің құқық пәнінің оқытушысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp