«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АТТЕСТАТТАУ ЕМТИХАНДАРЫ ӨТКІЗІЛМЕЙДІ

Төтенше жағдай мен оқушылардың қашықтан оқыту түріне ауысуына байланысты Білім және ғылым министрлігі 9-сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау емтихандарын, ал 11-сынып оқушылары үшін мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарын өткізбеу туралы шешім қабылдады. Аттестат пәндер бойынша жылдық бағалар негізінде беріледі.

Естеріңізге сала кетсек, 9-сынып түлектерінің қорытынды аттестаттауы: 1) ана тілі бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) – эссе түріндегі жазбаша жұмыс, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін мақала/әңгіме/эссе түріндегі жазбаша жұмыс; 2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан; 3) оқыту орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде жүргізілетін сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан және оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен жазбаша емтихан; 4) таңдау пәні бойынша (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатикадан жазбаша емтихан ретінде өткізілетін.
11-сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау: 1) ана тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) эссе түрінде; 2) орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі бойынша тестілеу және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі бойынша тестілеу; 3) алгебра және талдау негіздері бойынша жазбаша емтихан; 4) Қазақстан тарихы бойынша ауызша; 5) таңдау пәні бойынша тестілеу (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/ француз/ неміс), информатикадан тестілеу түрінде жоспарланатын.
Қазіргі уақытта Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу мерзімі өзгеріссіз қалып отыр. Түлектер тестілеу орталығының сайтында орналастырылған сынама тесттерін тегін пайдалана алады. Әр пән бойынша тестілеудің 70 бірегей нұсқасы ұсынылып отыр. 2017 жылдан бері ҰБТ нәтижелері жоғары оқу орнына түсу және білім гранттарын иелену, ал қорытынды аттестаттау емтихандарының нәтижесі аттестат алу үшін қажет.

Жәзира ИМАНОВА

Сурет:https://news-r.ru/  

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp