«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУА РАЙЫНЫҢ КҮРДЕЛІ ЖАҒДАЙЫНДА

Үстіміздегі жылғы дәнді дақылдар алқабы 3274,2 мың гектарды құрайды. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің 7 қазандағы жедел ақпаратына қарағанда, 2842,1 мың гектардың егіні шабылды, ол барлық алқаптың 86,8 пайызы. Орақ науқаны басталғаннан бері 2675,2 мың гектар жердің астығы бастырылды немесе жоспардың 81,7 пайызы. Гектар берекелігі 15,4 центнерден айналып, 4112,3 мың тонна астық жиналды.

Дәнді дақылдарды дестеге түсіруде Ақжар (92,7%), Уәлиханов (91,6%), Жамбыл (91,4%) аудандары көш бастап келеді. Ал Шал ақын (79,3%) мен Тимирязев (80%) аудандары облыстың орта көрсеткішіне ілесе алар емес. Астық бастыруда Уәлиханов (75,7%) пен Айыртау (84,8%) аудандары жоғары қарқын танытуда.

Есепті кезеңде 361,1 мың гектардың (60,5%) майлы дақылдары шабылып, 154 мың гектар алқап (25,8%) жиналды. Шығымдылық гектар басы 11,7 центнерден айналуда. Облыс бойынша 27,2 мың гектардың картобы, 5,0 гектардың көкөнісі жиналды. Олардан тиісінше 188 және 272 центнерден өнім алынуда.

  Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp