«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУРУ ӨРШІП БАРАДЫ

Өткен тәулікте еліміз бойынша 682 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Соның ішінде 74-і – біздің облысымызда. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, Нұр-Сұлтан қаласында – 79, Алматы қаласында – 35, Шымкент қаласында – 6, Ақмола облысында – 41, Ақтөбе облысында – 3, Алматы облысында – 17, Атырау облысында – 11, Шығыс Қазақстан облысында – 230, Жамбыл облысында – 8, Батыс Қазақстан облысында – 37, Қарағанды облысында – 18, Қостанай облысында – 58, Маңғыстау облысында – 2, Павлодар облысында – 61,Түркістан облысында 2 жағдай тіркелді.

 Осы күнге дейін жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 122335. Өткен тәулікте 453 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Оның 75-і – Солтүстік Қазақстан обысынан.
Ал коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 268 жағдайы тіркеліп, 85 адам емделіп шықты.
16 қарашадағы жағдай бойынша өңірімізде короновирустық инфекциямен ауырған 5107 адам тіркелді. Оның 21 пайызы алдын-ала тексеру кезінде анықталса, 67 пайызы медициналық көмекке өздері жүгінген. Ал қалғандары науқастармен қарым-қатынаста болған.
Қарашаның 10-ы мен 16-сы аралығында облыста короновирустық инфекцияның 31 жағдайы тіркеліп, өткен аптамен (3.11. – 9.11) салыстырғанда 38,4 пайызға өсім байқалды. Ауруға шалдыққандардың жас мөлшері әр түрлі. Атап айтқанда, 60 жастан асқандар – 27 пайыз, 50-59 жас аралығындағылар – 20 пайыз, 30-39 жас аралығындағылар – 17 пайыз. Науқастардың 32 пайызы жұмыс істейтіндер болса, 23 пайызы – зейнеткерлер, 18 пайызы – жұмыссыздар.
Өңірімізге Ресейден келгендер арасында сырқаттанғандардың үлесі басым. 6 қазан мен 15 қараша аралығында Ресей Федерациясынан автокөлікпен 22498 адам келген. Олардың 6312-сінде ПТР анықтамасы болса, анықтамасыз келген 1665 адам зертханалық талдау жүргізу үшін каратнтиндік стационарға жатқызылды. 162 адамның зерттеулері оң нәтиже көрсетті.  

 

Сурет: https://kstnews.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp