«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛДАСЫНЫҢ ИТІН СОЙЫП ЖЕГЕН

Қызылжар ауданындағы Большая Малышка ауылының тұрғыны полиция бөліміне арыз жазған. Оның айтуынша, үш ауылдасы оның итін сойып жеп қойған. Арызданушы үшеудің біреуіне 6 мың теңге қарыз екен. Итті соның өтеуі ретінде алыпты.

Үш ер адам итті Есіл өзенінің жағасында ұрып өлтіріп, сойып, отқа қақтап жеген. Итті ұрып жатқанын жақын маңда балық аулап отырған 12 мен 16 жастағы екі жасөспірім естиді. Балалардың бірі сары итті ағашқа асып қойып, сойып жатқанын да көрген.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 33 жастағы тұрғынды ұстады. Оның қасында болған 34 және 38 жастағы екі сыбайласынан да жауап алынды. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне “Жануарларға қатыгездік жасау” бабы бойынша тіркелді.

– Ұсталғандардың үшеуі де өз әрекеттерін оғаш көріп отырған жоқ. Алайда, сот олардың пікірін өзгертуі мүмкін. Жануарларға қатыгездік көрсеткендерге заң бойынша 120 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе 120 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмысқа тартылады, 30 тәулікке дейінгі мерзімге қамау жазасы да қарастырылған, – дейді Қызылжар аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов.

Ерлан МАХМЕТОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp