
Бұл ғимаратты “Прометей-Агро” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауылдастарының саламатты өмір салтын ұстануы үшін өз қаражатына салыпты. Өңір басшысы өз сөзінде агроқұрылым басшылары мен құрылысшыларға маңызды әлеуметтік нысан салғандары үшін алғыс білдірді.
– Біз облыс орталығында “Құлагер” хоккей командасын құрдық, ол екі жыл бойы спорттағы жетістіктерімен қуантуда. Биыл жерлес хоккейшілеріміз Қазақстан Республикасы кубогының иегері атанды.
“Қызылжар” футбол командасы соңғы жылдары тұңғыш рет бірінші лига командалары арасында Қазақстан Республикасы біріншілігінің қола жүлдесін еншіледі.
Сіздердің ауылдарыңызда хоккей қорапшасының ашылуы саламатты өмір салтын ұстанушылар қатарын толықтырады, өскелең ұрпақ арасынан халықаралық ареналарда өңіріміздің және еліміздің намысын қорғайтын жаңа спорт таланттары шығатынына сенемін, – деді Ерік Хамзаұлы.
“Прометей-Агро” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Юрий Шольдің айтуынша, “Прометей” спорт үйі” мұз айдыны хоккей ойнауға, жарыстар өткізуге ғана пайдаланылмайды, сонымен бірге, мұнда балалар мен ересектер коньки теуіп, демалатын болады.
– Спорт ғимаратының есігі баршаға ашық. Мұнда жарық орнатылған, шешініп-киінетін орын бар, кешке бос уақытты мазмұнды өткізуге жағдай жасалған. Бұл спорт алаңында кез келген ауа райында әр-түрлі мерекелік шаралар өткізуге болады. Жаз айларында мұнда шағын футбол, теннис, волейбол, баскетбол ойнау үшін жұмсақ жабылғы төселеді, – деді Юрий Шоль.
Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Заградовка ауылдық округінің хоккей командасына спорт жабдықтарын сыйлады. Спорт үйінің ашылу құрметіне шайбалы хоккейден бірнеше ауданның спортшылары қатысқан турнир өтті. Өңір басшысы мұз айдынында шайбаны салтанатты түрде ойынға қосып, жарысты ашық деп жариялады.
Есіл ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Корнеевка гимназиясында да болды. Меймандарды ұлттық киімдегі мектеп оқушылары төрт тілде қарсы алды. Бұл гимназияда 150-ден астам оқушылар қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерінде білім алады. Биылғы Бірыңғай ұлттық тестілеуге гимназия түлектерінің барлығы қатысқан. Олар Қазақстанның, Ресейдің, Германияның, Израильдің, Белоруссияның жоғары оқу орындарында білім алып жүр.
Гимназияның компьютер сыныбымен, асханасымен, наубайханасымен және спорт залымен танысқан облыс әкімі Ерік Сұлтанов мектеп компьютерін ұжымға табыс етті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Суреттерді түсірген
Виталий ВЛАСЕНКО.