«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛДА БАЙЛАНЫС НАШАР

Жамбыл ауданында “Amanat” пар­тиясы облыстық филиалы ұйымдас­тырған мобильді қабылдауға 27 адам өтініш-тілектерін айта келді. Тұрғын­дардың бірі Мирное ауылында ұялы байланыстың сапасыздығына шағым­данды. Оған Петровка ауылында мұнара орнатылатыны, кейін байланыс провайдерлеріне жалға берілетіні түсіндірілді.

Сергей Болдыревтың айтуынша, Мирное ауылынан көрші Айымжан мен Новорыбинкаға қатынау өте қиын Жолдың ұзындығы – 27 шақырым. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілі мәсе­ле қарастырылып жатқанын жеткізді.

“Екі аралықтағы учаскенің жоба­лық-сметалық құжаттамасы дайын. Қаражат бөлуге өтінім берілді, қаржы­ландыру шешілсе, жазға таман жөндеу жұмыстары басталады”, – деді басқарма басшысының орынбасары Қанат Бейсенов.

Сумен қамтамасыз ету туралы өті­нішке жобаны іске қосу биыл жоспар­ланғаны, қаржының бөлінуін күтіп отырғандығы жөнінде жауап берілді.

Мобильді қоғамдық қабылдау бөл­месіне келгендер жер телімдерін бөлу, әлеуметтік нысандарды жөндеу, автобус бағытын ұйымдастыру және басқа да мәселелерді қозғады. Бес мәселе сол жерде шешімін тапты. Бірқатарына кеңес беріліп, партиялық бақылауға алынды.

Ілияс СӘБДИНОВ,

“Amanat” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp