«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛ БАЛАСЫ АЛҒАН ЖҮЛДЕ

Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы Андреевка орта мектебінің оқушысы Никита Авдеев «Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!» халықаралық жастар байқауында жүлделі екінші орынға ие болды. Оқушының әлеуметтік жарнама байқауына жіберген «Жемқорлықтың қолына түспе!» атты жұмысын қазылар ең креативті туындылардың бірі ретінде бағалаған.

«Мен сыбайлас жемқорлықты құбыжық ретінде көрсеттім, ал оның астында адам тұр. Ол таңдау құқығына ие – адал өмір сүріп, заңға бағынады немесе жемқорлықтың құрбаны болады. Бұл жұмысым жоғары бағаланғанын естігенде қуанышымда шек болмады», – дейді Никита Авдеев.

Биыл байқауға әлемнің түкпір- түкпірінен 41 мың жұмыс ұсынылған. БАӘ, Қытай, Таиланд, Мьянма, Бразилия, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанды қоса алғанда, 11 елден жас суретшілер қатысыпты. Солардың арасынан жұмысы үздік деп танылған Никитаға сыйлықты облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары тапсырды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp