«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ауыл жайы – ұдайы назарда

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттар пар­тиясының облыстық филиалы «Ауыл – ел бе­сігі» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері та­қы­рыбында келелі жиын өткізді.

Жиынға «Ауыл» ХДПП-ның төрағасы, Парла­мент Сенатының депутаты Әли Бектаевтың Үкімет­ке жолдаған депутаттық сауалы негіз болған. Бағ­дар­лама екі жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқанымен, жетілдіруді қажет ететін тұстары жоқ емес. Түрлі жобалардың басын біріктіріп, мүдделі ве­домстволардың жұмысын үйлестіру жағы же­тімсіз. Осы себепті «Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама­сы­ның бір тармағы секілді көрінеді. «Елді мекен­дерге қатысты толғақты мәселелердің бірі – жұмыс күшінің жеткіліксіздігі, білікті мамандардың тапшы­лығы. Жастарға озық бағдарлама-жобалардың ар­тықшылықтары мен жетістіктері жете түсіндіріл­мегендіктен, олар ауылда тұрудан қашқақтайды», – дейді партияның облыстық филиалының жетекшісі Темірғали Әбілмәжінов.

Партия мүшелерінің айтуынша, мұндай кезде­су­лер барлық өңірлерде жалғасын таппақ. Аққайың ауданы Шағалалы ауыл шаруашылығы тәжірибе­лік стансасы ұжымымен, аудандық партия ұйымда­рының өкілдерімен өткен «дөңгелек үстел» отырыс­тарында республикалық саяси ұйым төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов көпшіліктің ойла­рын біліп, ұсыныстарын тыңдауға әр кез әзір екен­діктерін білдірді.

«Ауыл» ХДПП облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp