«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛ ЖАСТАРЫНЫҢ ФОРУМЫ

Есіл ауданындағы Ж. Қизатов атындағы ауыл шаруашылығы колледжінде “Жастар – Отанға” деген тақырыпта ауыл жастарының облыстық форумы өтті. Ауыл жастарының әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған жиынға өңірдің он үш ауданынан 150-ден астам адам қатысты.

Оның ашылу салтанатында сөз алған Ж. Қизатов атындағы колледждің директоры Бейімбет Бұғасов, “Нұр Отан” партиясының Есіл аудандық филиалы төрағасының орынбасары Еділ Тұтқышев форумға қатысушыларға сәттілік тілесе, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Алмагүл Рамазанова өңір жастарының басын қосқан ұйымдар, олардың атқарған жұмыстары жайында баяндап берді.

Үш кезеңнен тұрған форумда бизнесті жоспарлау негіздері, жобаларды басқару, жастар ұйымдарының жұмысын қалыптастыру мәселелері талқыланып, мінберге шығып сөз алған жастар қатары қалың болды. Айта кететін жайт, бүгінде облысымызда 57 жастар ұйымы тіркелген. Жиында алдағы уақытта олардың жұмысын одан әрі жандандырып, аудан, қала деңгейінде жастарға қолдау көрсету жұмысын жалғастыру қажеттігі айтылды.  

Форум соңы Петропавл қаласының “Қөңілді тапқырлар клубының” командалары және шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік ойын-сауықтық бағдарламаға ұласты. Жиынға қатысушылар сертификаттармен, дипломдармен және “100 бизнес-жоба” кітаптарымен марапатталды.

Нұргүл ОҚАШЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp