«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫ АЗАЯДЫ

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов Қызылжар ауданында болып, бірқатар құрылыс нысандарын аралап көрді.

Биыл Бескөлде 40 көшеде жолдар жөнделедi. Бұл мақсатқа 800 млн. тг. бөлiндi. 40 көшенi жарықтандыруға 60 млн. тг. қарастырылған. 18 көпқабатты үй жаңартылған қазандыққа қосылды. Жылыту маусымына дейiн тағы 32 үй қосылады деп жоспарларын отыр.
Якорь ауылында былтыр мектеп жөнделдi. Биыл су тартылып, көшелердегi жолдар жөнделедi. Балабақша ашылады.А саново ауылында да жолдар қалыпқа келтiрiлiп, мектеп жөнделедi.
«Бiз қазiр болашағы бар ауылдарда кешендi жөндеу жүргiзiп жатырмыз. Бiр жылда мектеп, амбулатория, жолдар мен су желiлерi жөнделуде. Жүйелi мәселелер шешiмiн табуда. Округ әкiмдерi жұмыссыз қалды деуге болады», — деп атап өттi Құмар Ақсақалов.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp