Ертең Петропавлдағы Теннис орталығында туристік көрме өз жұмысын бастайды.
Көрме Қазақстан және Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында өтеді. Оған екі елдің туризм бағытында жұмыс істейтін 40-тан астам компаниясы қатысып, өз өңірлерінің көрікті орындарымен таныстырады. Форум қонақтарына Қазақ елінің ең көрікті, туризм үшін барынша тартымды 10 аймағы туралы мәліметтер беріледі. Оның ішінде Айыртау ауданындағы Имантау-Шалқар курорттық аймағы да бар. Көрме бірнеше күн жұмыс істейді.