«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АШЫҚ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ

Қазіргі таңда елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметке деген халықтың қолжетімділігін арттыру мақсатында қызмет көрсету жүйесі жетілдіріліп, біртіндеп электронды форматқа көшуде. Бұл – әлем елдерінде пайдаланылған озық тәжірибе.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, уәкілетті органдармен өзара іс-қимылды жүйеге келтіру – жемқорлықпен күресудің бірден-бір жолы. Бұл бағыттағы жұмыстар Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде де жүзеге асырылуда. Ұлттық экономика министрлігінің аумақтық бөлімшесі болып табылатын департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады. Негізгі міндет – табиғи монополия салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға, сондай-ақ, бағаларды реттеуді және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібі мен міндеттерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
Бүгінгі таңда департамент облыс тұрғындарына төрт мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Олар Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39 бұйрығымен бекітілген. Атап айтқанда, энергиямен жабдықтау мақсатында электр қуатын сатып алу қызметіне лицензия беру, мәміле жасалатын мүліктің үстіміздегі жылдың басындағы бухгалтерлік баланста ескерілген баланстық құнының 0,05 пайызынан асқан жағдайда табиғи монополия субъектісінің мүлкіне қатысты өзге мәмілелер жасасуға келісім беру, табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру, мемлекеттік тіркелімге табиғи монополиялар субъектілерін енгізу және одан шығару. Бұл қызметтерді көрсету тәртібі Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №245 және 2015 жылғы 27 сәуірдегі №362 бұйрықтарымен бекітілген “Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары” және “Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер” регламенттерінде атап көрсетілген.
Департаментте солтүстікқазақстандықтарға табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді кедергісіз көрсетіп, оның барысын жетілдірілу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтар болсақ, адамдарға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі “Электронды үкімет” порталы арқылы көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру де веб-порталдың көмегімен жүргізіледі. Құжаттардың электронды түрде берілуі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жолын кеседі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері барынша қысқартылуда. Бұған дейін “Табиғи монополия субъектісінің мүлкіне қатысты өзге мәмілелер жасасуға келісім беру” деген қызмет түрі 30 жұмыс күннің ішінде көрсетілетін. Бүгіндері ол 20 күнге қысқартылды. “Табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру” қызметін беру уақыты 15 күннің орнына 5 күнде берілетін болды. “Мемлекеттік тіркелімге табиғи монополиялар субъектілерін енгізу” қызметі 30 минуттың ішінде беріледі. Ал тіркелімнен шығару қызметі екі жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Азаматтар бұған дейін 30 күн тосуға міндетті болған.
Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандары 2019 жылы – 26, ал жыл басынан бері 5 мемлекеттік қызмет көрсетті. Департамент мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен мерзімін ұдайы бақылауда ұстайды. Барлық қызметтер уақытында көрсетіледі. Бүгінге дейін тұрғындар тарапынан көрсетілген мемлекеттік қызметтерге қатысты шағым түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттармен Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің интернет сайтына кіріп, танысуға болады. Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша Петропавл қаласы, Парк көшесі, 57 “В” мекенжайында орналасқан департамент мамандарының көмегіне жүгініп, 8 (7152) 50-48-46 телефонына қоңырау шалуға болады. Азаматтар департамент мамандары тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзу фактілері туралы 8 (7152) 53-37-26 сенім телефонына хабарлай алады.

Абай БАЛАБЕКОВ,
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменттің басшысы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp