«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЯЗ АТАҒА ХАТ ЖАЗЫП, қалаған сыйлықтарын алды

Петропавл қаласындағы отбасылық үлгідегі Балалар ауылының тәрбиеленушілері Жаңа жыл қарсаңында «Қазпочта» акционерлік қоғамы ұйымдастырған қайырымдылық акциясына орай Аяз атаға хат жазып, өздерінің көңілдері қалаған сыйлықтарын да атаған екен. Олардың тілектері қабыл болды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «20 игі іс» акциясы аясында «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының және «Қазпочта» акционерлік қоғамы облыстық филиалының өкілдері өткен сейсенбі күні Балалар ауылында болып, Аяз атаға хат жазған 15 балаға күтіп жүрген сыйлықтарын табыс етті.  

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Кәрібай Мұсырман мен «Қазпочтаның» облыстық мекемесінің басшысы Ерік Нұрақаев ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалармен әңгімелесіп, оларға игі тілектерін білдірді.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp