Солтүстікқазақстандық диқандар орақ науқанын аяқтап келеді.
Бүгінгі күні ел қамбасына 4,9 млн. тонна алтын дән құйылды. Биыл Қызылжар өңірінде алқаптардың әр гектарынан орта есеппен 17,9 центнерден өнім алынуда. Майлы дақылдардың 608 мың тоннасы жиналды. Тимирязев ауданы жиын-терім жұмыстарын облыста алғашқы болып толық аяқтады.