«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ақынның он томдығы

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітап­ханаға “Абай Құнанбаев” атты жаңа он томдық жинақ түсті. Үш тілде жарық көрген жинақ онлайн режімде оқырмандарға  та­ныстырылды.

Абай Құнанбайұлының 175 жыл­­дығына орай оқырмандар на­зарына ұсынылған жинаққа  ұлы ақын туралы қазақ, орыс тілдерін­де жазылған мақалалар мен ұлы ойшылдың шығармалары енген. Сондай-ақ, ағылшын, неміс, фран­цуз тілдеріне аударылған ақын­ның еңбектері де бар. Атал­мыш жинаққа жерлес жазушы Сәбит Мұқановтың  ұлы ақынның 100 жылдығына орай жазған ғы­лыми еңбегі де енгізілген. Абай ту­ралы Американың зерттеуші ға­лымы Томас Виннердің де мақа­ласы осы жинақта жарияланған. Зерттеушілердің айтуынша, мұн­дай құнды еңбек Абай Құнанбай­ұлын әлемдік деңгейде танытуға ықпал етпек. Жаңа кітаптың та­ныстырылымында оқырмандар он томдық жинаққа қызығушылық білдіріп, түрлі сауалдар жолдады.

Елена СКАКУНОВА,

С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың іс-шаралар ұйымдастырушысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp