«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚЫН БЕЙНЕСІ — ҚАЛА ТӨРІНДЕ

Жыл сайын сүйікті қаламыздың көрікті орындары көбейіп, көздің жауын алатын сан алуан ғимараттарымен, гүлзарларымен, жайқалған жасыл саябақтарымен қуантып келеді. Бұл жолы жергілікті билік қала тұрғындары мен қонақтарына қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының портреті бейнеленген муралды сыйға тартты. Оны өңір басшысы Құмар Ақсақалов аға буын өкілдерімен бірге тамашалап, бірер күн бұрын ғана толығымен аяқталған жобаға жоғары бағасын берді.

Хакімнің туғанына 175 жыл то­луына орай Абай және Әуезов кө­шелерінің қиылысындағы бес қа­батты тұрғын үйдің қабырғасын­да бейнеленген мурал Құмар Ір­гебайұлының бастамасымен іске асып отыр. Өңір басшысы әсем қаламыздың ғажайып келбетіне көрік қосатын, алыстан көз тарта­тын картина салу жөнінде Қазақ­стан Суретшілер одағының мү­шесі Болат Әсербеков пен қала басшылығына ұсыныс жасаған. Санаулы уақыт ішінде әсем де зәулім картина салынып, бүгінде ақын атындағы кө­ше­нің бойында тұратын азаматтар­дың мақтанышына айналды. Ке­ра­микалық плиталардан жасал­ған композиция үйдің бір қабырғасын алып тұр. Ортасында Абайдың портреті бейнеленсе, жан-жағы қазақтың ою-өрнекте­рімен бе­зендірілген. Жоба авто­ры Болат Әсербековтің айтуын­ша, туын­дыға сапасы жоғары плит­калар пайдаланылған. Яғни, олар қыс­тың суығына, жаздың ыстығына төтеп бере алады және кемінде жүз жылға дейін жа­рам­дылық қасиетін жоғалтпайды. “Биыл еліміз бойынша суретші­лер мен архитекторлар тарапы­нан бас ақынымызға арналған бір­қатар жұмыстар жүргізілді. Об­лыс әкімі мен қала басшылығы ма­ған мурал салу жөнінде ұсы­ныс білдіргенде, бұған бірден ке­ліс­тім. Өйткені, өзім де Абайға ар­нап жоба бастауды көптен бері ой­лап жүрген едім. Ақын портретін салып жатқан кездің өзінде маған осы маңда тұратын азаматтар ха­барласып, ризашылықтарын біл­дірді. Ал, енді бүгіннен бастап рес­ми түрде ашылып жат­қан еңбегімізді оңынан бағалай­тындар қатары бұдан да арта түсе­ді деген сенімдеміз”, – дейді автор.

Алаңға жиналған ардагерлер мен қала тұрғындары тамаша туындыны тудырған жоба ұйым­дас­тырушылары мен авторларына алғыстарын жарыса жеткізіп жат­ты. Облыстық ардагерлер ке­ңе­сінің төрағасы Ескендір Елеу­сізов пен археолог Анатолий Пле­шаков ақынның бейнесін дөп ба­сып сала білген жұмыс авто­ры­ның шеберлігін сөз етсе, Абайта­нушы, ардагер журналист Зар­қын Тайшыбай еліміздің біртуар тұлғаларын насихаттайтын осын­дай орындардың көбірек болуы­на тілектестік білдірді.

Осыдан кейін облыс әкімі Құ­мар Ақсақалов Н.Погодин атын­да­ғы облыстық орыс драма теат­ры­ның жөндеу жұмыстарымен де танысты. Шілде айында бастау ал­ған күрделі жөн­деу жұмыстарына бюдже­ттен 212 млн. теңге қаржы бөлін­ген. Облыстық мәде­ниет, тілдер­ді дамыту және архив ісі бас­қармасы басшысының орын­ба­сары Досбол Әбдіри­сов­тің ай­туынша, құрылысқа “Мирас груп” және “Санэлектротех” ЖШС-лары жауапты. Бүгінде 100-ге жуық құрылыс маманы театр ғи­ма­ратының қасбетін, ор­талық ала­ңын, көрермендер за­лын жә­не екінші қабатын жөндеп жатыр.

Бұл мәдениет нысанына соң­ғы рет жөндеу жұмыстары 2000 жылдардың басында жүргізілген екен. Бірер аптадан соң қаламыз­дағы жұртшылық жиі бас сұға­тын мәдениет ордаларының бірі ерекше кейіпке енеді. Бұған дейін шатыры жөнделіп, пластик тере­зелер орнатылған. Ендігі кезекте ғимаратта жылыту, жарық жүйелері жөнделіп ағаш есіктер орнату жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша құ­ры­лысшылар сахнаны жартылай өзгертіп, залда жарық шамдары ауыстырылады.

Гүлбике КУБЕНОВА,

“Soltústik Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp