«Қазақфильм» киностудиясында «Балуан Шолақ» тарихи көркем фильмін монтаждау аяқталды.
Режиссер Нұргелді Садығұловтың бұл туындысы атақты ақын, композитор, әнші Балуан Шолақтың өмір жолына арналған. Фильмнің түсірілімдері Алматы облысында, Павлодар қаласында және Бурабайда өткен. Көпшілік сахналарға 300-ге жуық адам қатысқан екен. Балуан Шолақтың рөлін танымал актер Еркебұлан Дайыров сомдаған.
https://www.egemen.kz/article/179288-baluan-sholaq-koerermenimen-qauyshady