«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛЫҚ АУЛАУ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ АРНАЛҒАН суда құтқару қызметінің рейді

Су тасқыны кезеңі – балықшылардың қызығушылықтарын арттыратын уақыт. Алайда, осы маусымдағы балық аулауға тыйым салуына қарамастан, балықшылар өздерінің тозған қайықтарымен инспекторлардан жасырынып, Есіл өзенінің тасқын суымен толған арналарына, көлдерге балық аулауға шығады. Сондай құмарлықтың кейбіреуі ойламаған жерден қайғылы аяқталады. Үстіміздегі жылдың мамыр айында ғана 7 адам су құрбаны болды. Олардың ең үлкені 74 жаста болса, ең жасы 28-ге жаңа толып отыр. Бұл төтенше жағдайлар Қызылжар, Есіл, Айыртау аудандарының және Петропавл қаласының су айдындарында орын алды.

Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша суда зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету мақсатында СҚО ТЖД-нің Суда құтқару қызметі өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқаруда. Петропавл қаласының маңында мезгіл сайын Есіл өзенінің жағалауымен патрульдеу жүргізеді.  

Таяуда БАҚ өкілдерінің қатысуымен тағы бір рейд өтті. Суда құтқару қызметінің моторлы қайығына 2-дәрежелі құтқару станциясының басшысы Сергей Черкасов, әуесқой балық аулаушылар, “Қазақстан-Петропавл” телерадиокомпаниясының журналистері мінді. Рейд барысында Сергей Николаевич балықшылармен қауіпсіздік ережесі жайында әңгімелесіп, оларға нұсқаулар жазылған үнпарақтар таратты.

Рейд аяқталғаннан кейін Суда құтқару қызметінің басшысы облысымыздың аудандарында, ауылдық елді мекендерде СҚО ТЖД қызметкерлері ұйымдастырған үгіт-насихат жұмыстары, адамдардың демалу кезінде судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарылатын іс-шаралар жайында БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

– Жыл сайын облыстың су қоймаларында қырық-елу шақты адам су құрбаны болады. Біздің басты мақсатымыз – адамдардың өмірін сақтап қалу және құтқару. Көбіне белгіленбеген жерде суға түсетіндер мен талапқа сай келмейтін жүзу құралдарын пайдаланатындар, құтқару құралдарын өздерімен бірге алып шықпайтындар қайғылы жағдайға ұшырайды. Су да – өрт сияқты тілсіз жау, сондықтан суда әрдайым абай болыңыздар! – дегім келеді су маңында серуендеуді және балық аулауды ұнататын жерлестеріме. Төтенше жағдай бола қалған кезде 112 телефонына жедел хабарласу қажет, – деді Суда құтқару қызметінің өкілі.

Виктор ДЕРЖАНСКИЙ,

  облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің “Суда құтқару қызметі” ММ басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp