«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАРЫНША ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫ

Бүгінде еліміз бойынша 6300-ден астам ауыл болса, бұларда жалпы халықтың 41 пайызы қоныстанған. Жасыратыны жоқ, жыл өткен сайын ауылдарда тұратын адамдардың саны азайып барады. Былтыр жарты миллионға жуық тұрғын қалаларға көшкен. Осы үдерісті тежеу мақсатымен 2004 жылдан бастап 6 бағдарлама қабылданып, 2 трлн. теңгеден астам қаражат бөлінген.

Президент Қасым-Жомарт То­қаев Ұлттық қоғамдық сенім ке­ңесінің жақында өткен төртінші отырысында сөйлеген сөзінде ең­бек миграциясына қатысты маңызды мәселелерді тағы да ортаға салды. Ішкі көші-қонға қа­тысты ахуалды жақсартудың, кө­шіп келушілерге барынша қо­лай­лы жағдай жасаудың маңыз­ды екенін атап көрсетті. “Бұл, ең алдымен, азаматтарымызды еліміздің оңтүстігінен солтүсті­гіне көшіруге қатысты. Осы мә­се­ле Ұлттық кеңесте бірнеше рет көтерілді. Оны кешенді түр­де шешу үшін, біріншіден, элек­тронды еңбек биржасының база­сында бірыңғай ақпараттық ке­ңес құру керек. Екіншіден, көшу­ге қатысты мәселелерді оңай­латқан жөн. Мемлекет мигрант­тарға барынша қолайлы жағдай жасауы тиіс”, – деді Президент.
Ел ішіндегі миграциялық үде­рістерді реттеу ісінің тиімділігін арттыру мақсатымен мигрант­тарға берілетін жәрдемақы мөл­шерін екі есеге көбейтуді тап­сырды. Яғни, мигранттарды ын­таландыратын қосымша шара ретінде оларға берілетін жәр­дем­ақы мөлшері 35 айлық есеп­тік көрсеткіштен 70-ке дейін кө­бейтіледі. Үкіметке бір айдың ішінде осы мәселені зерттеп, тиісті шешім қабылдау жүктелді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы атажұртқа оралған қандастар мәселесін де қозғады.
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы оралмандармен және қоныс аударушылармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Алма Махметованың мақаласының толық нұсқасын газетіміздің бүгінгі санынан оқи аласыздар.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp