«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАР БАҚЫТТЫҢ БАСТАУЫ

Петропавлдағы Достық үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Қазақстан халқының облыстық ассамблеясының жанынан құрылған “Аналар кеңесі” ұйымының кеңейтілген отырысы өтіп, онда отбасы құндылықтары, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі сөз болды. Өмірдің сан саласында жемісті әрі абыройлы қызмет атқарып жүрген 50-ге жуық ана қатысқан шараны аталмыш ұйымның төрайымы Күлімкөз Смаилова жүргізіп отырды.

Шаңырақтың шаттығы да, отбасының берекесі де, мемлекеттің негізгі діңгегі де – ана. Олардың ұлт болып ұйысуымызда, халық болып қалыптасуымызда сіңірген еңбегі орасан. Содан да болар, қоғамдағы алатын орны да ерекше. Осы мәселелерді әңгімесінің арқауына айналдырған Қазақстан халқының облыстық ассамблеясының меңгерушісі Наил Салимов жиналғандарды мерекемен құттықтап, болашаққа айқын мақсатпен ұмтылған Қазақстанның басты байлығы отбасы екендігін атап айтты.  

Облыстық “Аналар кеңесі” ұйымының жұмысына тоқталған Күлімкөз Қайырбайқызы ұйым алдағы уақытта барлық аудан орталықтарынан ашылатындығын айтты. Қарапайым отбасында ауылдың ала шаңға көмілген көшелерінде өсіп, жетілген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлем таныған ұлы тұлғаға, сарабдал саясаткерге айналуына ұйытқы болған анасы Әлжан апаның ұлылығын дәріптеді. Отансүйгіштік ананың сүтімен, өнегелі тәрбиесімен даритындығын айтып, бүгінгі аналарға да бала тәрбиесінде осындай қағиданы қалт жібермеу қажеттігін ескертті.

Облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Жанна Мауытова ерте некелесудің зардаптары, өңір жастарының денсаулықтары жайлы ойын ортаға салды.

Шараның екінші бөлімі мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.

Нұргүл ОҚАШЕВА,

 “Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp