«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР

Бүгінде ағайын-туыс бас қосқан жиындарда ұрпаққа бәтуәлі сөз айтар аға буын өкілдерінің азайып бара жатқаны көңілге кірбің ұялатады. Бабадан қалған бата-тілек айтудың жолы бұзылып, сөзіміз сұйықталып бара жатқандай. Аталған мәселеге алаңдаған «Ауыл» партиясы «Батаменен ел көгерер» байқауын ұйымдастырғалы отыр. Оған 35 жастан асқан өңіріміздің кез келген тұрғыны қатыса алады.

Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз қарсаңында ұйымдастырылатын шараның мақсаты – ұлтымыздың сан ғасырдан келе жатқан бата беру дәстүрін жаңғыртып, кеңінен насихаттау, атадан қалған ұлттық салтымыздың ұрпақтар арасындағы сабақтастық тұрғысынан дамуына ықпал ету, батаның жаңаша мазмұнмен толығып, дамуына үлес қосу.

Байқау екі кезеңнен тұрады. 29 қаңтар мен 24 ақпан аралығында өтетін бірінші кезеңде қатысушылар ұйымдастырушыларға ұлттық киім киіп, бата берген шағын бейнежазбаларын жолдауы тиіс. Ал өңірлік кезең жеңімпазы 28 ақпанда С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өтетін шарада анықталады.

Өңірлік кезеңде жүлделі орын алғандардың әрқайсысына 100, 50, 30 мың теңгеден берілсе, республикалық кезеңде топ жарған жан 200 мың теңге сыйлыққа ие болады.

Сайысқа қатысушылар қосымша ақпаратты «auyl.kz» сайты немесе +7 777 084 79 30, +7 778 392 45 48 телефон нөмірлері арқылы біле алады.

Әлфараби МЫҢБАЙ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp