«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАТЫР АТЫНДАҒЫ АУЫЛДА МЕШІТ САЛЫНАДЫ

Алланың жердегі үйі саналатын жаңа мешіт Айыртау ауданындағы Қарасай батыр ауылында да бой көтермек. Ғибадатхананың құрылысы жүргізілетін жердің алғашқы тасы қаланды. Салтанатты шараға Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова қатысты.

Екі жүз жыл тарихы бар Қарасай батыр ауылында бүгінде төрт жүзден астам адам түтін түтетіп отыр. Өкініштісі, осы уақытқа дейін мұнда мешіт болмаған. Тіпті, Аллаға құлшылық жасайтын намазхана да жоқ.

Ауылда тұрғызылатын жаңа мешіт толығымен демеушілердің қаражатына салынбақ. Оған Қарасай батырдың есімі берілетін болды.

– Айтулы оқиғаның куәсі болу мен үшін үлкен мәртебе. Еліміз егемендік алғалы бері еліміздегі құлшылық орындарының саны артып келеді. Ол – имандылыққа бет бұрған мұсылмандар қатарының қалыңдағанының айғағы, – деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Аманжол НҰРТАЗИН,

журналист.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp