Мемлекеттік қызмет сапасын бақылауды жүзеге асыруда қоғамдық мониторинг тетіктер және жеке тұлғалармен өзара ынтымақтастық жөніндегі қоғамдық кеңеске, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі жанындағы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдар мен оның аумақтық департаменттеріне маңызды рөл берілген.
Бүгінгі күні мемлекеттік қызмет көрсету саласында оны ұсыну процедураларының, көрсету мерзімдерінің көптеп бұзылуынан бастап, мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне дейін көптеген мәселелер бар.
Осыған орай үстіміздегі жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облыстық департаменті 24 мемлекеттік органда тексеру жүргізді. Онда лицензия, қайта ресімдеуге, жобалық қызметке лицензия көшірмесін беруге, сәулеттік-жоспарлау тапсырмасына, сыртқы жарнама орналастаруға рұқсатқа, жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобасын бекітуге және мақсаттық белгісін өзгертуге шешім беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін органдар тексерілді. Оның қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын және “Мемлекеттік қызмет туралы” Заңды бұзушылықтың 300-ден астам фактісі анықталды. Олар қызмет көрсету мерзімін бұзу, құжаттарын толық ұсынбағандарға қызмет көрсету және мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қызмет көрсетуге жағдай жасалмауы түрінде көрініс тапты.
Қоғамдық мониторинг пен жоспардан тыс тексерулер нәтижесі Қоғамдық кеңестің отырысында қаралып, оның қорытындысы бойынша тиісті органдарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар берілді. 9 жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мемлекеттік органдардың бірінің басшысына қызмет көрсету мерзімін бірнеше мәрте бұзу фактісі бойынша тәртіптік іс қозғалды. Тәртіптік кеңес оны қызметіне толық сай келмейтіндігі туралы ескерту түріндегі сыбайлас жемқорлық тәртіптік жауапкершілікке тартуға ұсыныс жасады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 4 отырыс өткізііліп, 16 мәселе қаралды. 13 басшы мен басқа да лауазымды тұлғалардың есептері тыңдалды. Бұқаралық ақпарат құралдарында 40-тан астам материал жарық көрді.
Осылайша жоғарыда айтылған бақылау тетіктері тікелей мемлекеттік қызметтерді пайдаланатын азаматтардың пікірлерін бірінші кезекте есепке алуға, сапаны арттыруға, ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық деңгейін азайтуға көмектеседі.
Мемлекеттік қызметтің сапалы көрсетілуі жөніндегі барлық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облыстық департаменті жанындағы Қоғамдық кеңеске және мына 8 (7152) 50-18-23 сенім телефонына хабарласуға болады.
Қазбек БЫТЫШЕВ,
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі
облыстық департаментінің кеңесші-инспекторы.