«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕЛСЕНДІЛЕР ҚОШЕМЕТКЕ ИЕ

Достық үйінде “Үлкен ел – үлкен отбасы” облыстық форумы өтті.

Аталмыш қоғамдық институттың осы күнге дейін атқарған жұмысы сараланған жиында облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова сөз алып:

– Жыр алыбы Жамбыл бабамыздың: “Жігерлі болса ер болар, бірлікті болса ел болар” деген даналық сөзі бар. Шындығында, ел бірлігі болмаса, экономикалық- әлеуметтік даму тұрмақ, тәуелсіздік пен тұғырлылық жайлы сөз қозғауға әсте болмас еді. Бүгінгі күні ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау мәселесінде үлкен рөл атқаратын Қазақстан халқы Ассамблеясы қасиетті жерімізде тұратын барлық этностық топтардың арасында келісім мен достықтың басты және берік іргетасы болып табылады, – деді.  

Ел бірлігі мен қоғамдық келісімді, қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан лайықты үлесі үшін бірқатар азаматтар мен өнер ұжымдары Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Жыл бойы Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы төрт мыңға жуық іс-шара өткізіп, оларға өңір тұрғындары белсене қатысты. Мәселен, солтүстікқазақстандықтар республика бойынша жүзеге асырылған 11 жобада бақ сынапты. Бизнес құрылымдар арасында өткен “Жүректен – жүрекке” қайырымдылық жобасында Қазақстан нарығында 10 жылдан астам жол құрылысы саласында жұмыс істеп жүрген “КАЗПАКО” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өңіріміздегі филиалы бірінші орынға лайық деп танылды.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp