«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕСКӨЛДІК СМИРНОВ – “Үздік науқас”

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығымен бірлесіп, “Үздік науқас” байқауын өткізді. 

Байқауға қатысушылар облыстағы диспансерлік тізімде тұрған науқастардан іріктелді. Өз денсаулығына селқостық танытпай, дәрігердің барлық нұсқауларын дер кезінде орындаған, диета ұстап, дұрыс тамақтанған, зиянды әрекеттерден ада, базистік дәрі-дәрмектерді жүйелі түрде қабылдап отырған, соның есебінен қан құрамындағы қант, холестерин, триглицерид мөлшерін төмендетіп, жыл бойы созылмалы дерті асқынбаған науқастар байқауға қатысты. Байқаудың осы өлшемдеріне дөп келген үміткерлер ішінен бірауыздан жеңімпаз деп 75 жастағы Виталий Смирнов танылды.

Виталий Алексеевич Қызылжар ауданының орталық ауруханасының диспансерлік есебінде тұр. Ол учаскелік дәрігердің қабылдауларына жүйелі түрде барып, емдеу шараларынан ешқашан бас тартпаған. Дәрі-дәрмектерін уақтылы қабылдап, өз денсаулығына асқан жауапкершілік танытып келеді. Соның нәтижесінде Виталий Алексеевичтің денсаулық көрсеткіштері жақсаруда. Байқаудың облыстық кезеңінде “Үздік науқас” болып танылған жерлесіміз сайыстың республикалық кезеңіне жолдама алды.

Наиля ПОЧИВАЛОВА,

Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығының Солтүстік Қазақстан

облысы бойынша өңірлік бөлімінің басшысы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp