«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕСІКТІҢ КИЕСІ

Жақында “Facebook” әлеуметтік желісінде қоқыс жәшігінің жанынан табылған бесіктің суреті жарияланды. Осы жайт өзгелермен бірге менің де жүрегімді сыздатып, қолыма қалам алуыма түрткі болды.

Халқымыз жау шапса да, шаңы­рағы мен бесігін далаға тастамаған халық еді ғой. Әлгі сурет көпке дейін көз алдымнан кетпей қойды. Бесі­к әуелден қастерлі бұйым сана­лып, бала жатпағанның өзінде үйдің төрінде тұрды емес пе? Әжелеріміз бен аналарымыз оны шатырға шығарып, құрғақ желге кептіріп, аялап, атадан балаға мирас қылып сақтап келді. “Бұл бесікте атаң жатқан” деп, немересін бөлеп, құнды зат ре­тінде қадірледі.
Бала кезіміздегі мына бір оқиға есімде қалыпты. Бірде көршіміз араққа сылқия тойып алып, баласының бе­сігін теуіп қиратты. Кейін әлгі отба­сы бір баладан соң сәби сүйе алмай қатты қиналған екен. Сонда үлкендер бесіктің киесі ұрды деп топшылаушы еді. Ал осы күнгі болып жатқан жайт, тіпті, ақылға қонымсыз. Бесігін қадірлемей, қоқысқа лақтыру деген бұрын-соңды құлақ естіп, көз көрмеген сорақылық қой. Жастардың көбі сәби жатқан бесікті керек қылмаудың арты жаман­дық­қа ұрындыратынын білмейді. Ата-аналары өз балаларына бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрыпта­ры­мыз­ды, наным-сенімдерімізді үнемі ай­тып отыруы керек. Ата-әже, ағайын-туыс, ата-ана болып, өз ұрпағымыз­ды бұрынғы қазақ салты мен дәстүрі бойынша тәрбиелесек, біз өрке­ниеттің артында қалмаймыз. Бүгін­гінің адамдары осыны есте сақтаса екен…

Ғайни ОМАРОВА,
зейнеткер.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp