Петропавл қалалық полиция басқармасына интернетте алаяқтарға алданып қалған 1987 жылы туған жеке кәсіпкер жүгінді. Ол “Instagram” әлеуметтік желісі арқылы 7 мың дана медициналық бетперде сатып алмақ болған. Өзінің банктік картасынан сатушының шотына 400 мың теңге қаражат аударады. Алайда алаяқ ақшаны алып алған соң ұшты-күйлі жоқ болған.
Аталған факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы, яғни “алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. “Интернет-дүкендермен мәміле жасасқанда бейтаныс адамдарға сенбеген абзал. Ең алдымен аккаунтардың қай күні ашылғанын, олардың жұмысын алдын ала тексеріп алған дұрыс. Сондай-ақ, жариялаған посттарын, адамдардың жазған пікірлерін оқу қажет”, – дейді облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Петр Климов.